22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай оздырылған "Ана тілің -арың бұл..." тақырыбындағы он күндік өз мәресіне жетті.
22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай оздырылған "Ана тілің -арың бұл..." тақырыбындағы он күндік өз мәресіне жетті. 12 қыркүйек Арайлым Темірханқызының өткізген "Туған тіл -тынысыңда тірегіңде..." шығарма байқауына 5-11 сыныптан 14 оқушы қатынасып,нәтежесінде 3 орынды Асқар Айдана, 2 орынды Нариманқызы Ақбөбек, 1 орынды Тасқалиев Ғаділбек жеңіп алды. Қабырға газетін шығарудан 8 сынып оқушылары жеңімпаз атанса, Гүлден Бисенгалиеваның ағылшын тілінде ұйымдастырылған "Brain-rinq" сайысында 9сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Жанат Ерланқызы мен Ұлдай Ерланқызының орыс тілінде ұйымдастырған "Мое богатство-радной язык" сайысында 6 сынып оқушылары жеңіске жетсе, Ақжол Жасқайратұлының қазақ тілінде өткізген "Сөзмерген" интеллектуалды ойынында 7 сынып оқушылары үздік шықты. Гүлдана Әлібекқызының ұйымдастыруымен "Қазақ тілін білу -қазақстандық патриотизмнің белгісі" атты дөңгелек үстелге 8-11 сынып оқушылары мен тіл мамандары жоғары деңгейде қатынасып,өз ойларын ашық жеткізді. 22 қыркүйек күні "Ана тілің-арың бұл..." атты он күндіктің аяқталуына әдеби сазды кеш ұйымдастырылып ,қортындыланды. Тіл мерекесімен құттықтай отырып, шараны ұйымшылдықпен өткізген ұстаздарға,белсенді қатысқан оқушыларға рахмет айтамын.
Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы Тәрбие ісінің орынбасары